Геология және минерология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы жер қойнауының құрметті барлаушысы, профессор Айтқажы Қазбековты 90 жылдығына арналған шахматтан турнир өтті. 
Турнир 2019 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Биыл оған аймақтың 160-тан астам балғын шахматшы қатысты.

Турнирдің ашылу салтанатына қоғам қайраткерлері, профессордың балалары мен туыстары, шахмат сүйер қауым мен жанкүйерлер қатысты.Шараны Көкшетау қаласындағы Әл-Фараби атындағы ІТ лицейі ұйымдастырды.Додаға келгендер тыңғылықты дайындықтарын байқатып, тартысты ойын көрсете білді.

Шахмат турнирінің қорытындысы бойынша ұлдар арасындағы 1-6 сыныптар санатында 1-ші орынды Тимур Ерденев (6 мектеп), 2-ші орын Нұрхан Маұсұтхан (13 мектеп), 3-ші орынды Әмір Болат (2 мектеп) пен Орынбай Алихан (2 мектеп) өзара бөлісті.

     7-11  сыныптар санатында 1-ші орынға Бейбарыс Мамыров (2 мектеп), 2-ші орынға Алисат Қасенов (2 мектеп), 3-ші орынға Искандер Сегізбаев (Айти мектебі) және Бектас Дәулетбек жайғасты.

   Қыздар арасындағы 1-6 сыныптар санатында  1-ші орын Әлия Әділетқызына (Айти мектебі), 2-ші орын Рамина Жүзбайға (2 мектеп), 3-ші орын Анастасия Бабакөа (21 мектеп) және Айкүміс Шерниязданға бұйырды. 7-11 сыныптар санатында 1-ші орынды Адия Шайкенова (6 мектеп), 2-ші орынды Алуна Әубәкірова (13 мектеп),3-ші орынды Маржан Жакина (17 мектеп) және Аида Көлжабаева (2 мектеп) иеленді.

     Блиц-турнирде Бейбарыс Мамыров абсолютті чемпион атанды, Тимур Ерденев екінші, Санат Исаханов үшінші орын алды. «Ең үздік ойыншы» номинациясына Досан Алпысов ие болды. Ал «Ең қысқа партия» номинациясы Нұрдәулет Қайыркенге бұйырды.

Айта кетейік, турнирдің Айтқажы Қазбековтың құрметіне арналуы тегіннен-тегін емес. Өйткені геология саласының майталманы көзі тірісінде қолы қалт еткенде шахмат ойнағанды жақсы көрген. Туған елінің дамуына зор үлес қосқан ел азаматы өскелең ұрпаққа үлгі.

                                                                                        Нұрлан Ысқақов.

Фото, шахматы