Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы 2021 жылғы қала бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекітуге арналды. Отырысқа қала әкімі Бауыржан Ғайса, тексеру комиссиясының мүшелері, қала әкімінің орынбасарлары, прокуратура өкілдері мен мемлекеттік кәсіпорын басшылары қатысты.

Облыс орталығын дамыту және бюджеттің атқарылуының негізгі экономикалық көрсеткіштері туралы қала басшысы баяндады. Б.Ғайса өз сөзінде салықтық толықтырулар мен инвестициялар, құрылыс жұмыстарының көлемі, салынған тұрғын үйлерді пайдалану, «Бизнестің жол картасын» іске асыру, жобаларды субсидиялау, өндірісті кеңейту, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру, жұмыс орындарын құру, әлеуметтік салықты жинау және жер учаскелерін сату туралы хабардар етті. Өз баяндамасында ол басқа салалар бойынша да көрсеткіштерді атап өтті.

Өткен жылғы бюджеттің атқарылуы туралы тексеру комиссиясының мүшесі Дулат Нұрмағанбетов баяндады. Ол 2021 жылға арналған қала бюджетін атқарудағы негізгі проблемалық мәселелер, кірістер мен шығыстарға талдау жасады, облыс орталығының аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру кезіндегі кемшіліктерді атап өтті.

Тексеру комиссиясымен қала бюджетінің атқарылуын бағалау қорытындысы бойынша ҚР заңнамасының талаптарын, бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берілді.

Сондай-ақ, отырыста Красный Яр ауылдық округі және Станционный кенті әкімдерінің ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын іске асыру туралы есептері тыңдалды.

Ә.ҚҰЛЖАНОВА