Бүгінгі таңда халықтың 75 проценті жаңалық көздерін әлеуметтік желіден іздейді.  Бұл статистика жылдан-жылға өсіп келеді. Қазақстан халқы ассамблеясының жанынан құрылған журналисттер клубының көшпелі жиынында осы мәселе талқыланды.

Әр өңірден жиналған БАҚ өкілдері өз ойларын ортаға салып, «Ашық микрофон» айдарын ұйымдастырды.Қазіргі уақытта әлеуметтік желінің дәуірі жүріп тұр. Екі сөздің басын құраған жанның бәрі тілші. Заманауи тілмен айтқанда блогер. Ақпарат көздері де жетіп артылады. Шындығы мен өтірігін  ажырату қиын.

Бұл ретте ұлтаралық қатынастарға байланысты көптеген дау-дамайлар туындауы әбден мүмкін.

Міне, осы мақсатта Ассамблея жанынан арнайы «Журналистер клубы» құрылған. Ал, оның төрағасы белгілі журналист, Абай арнасының директоры – Азамат Кеңесұлы.  Жастар әлеуметтік желіге тәуелді. Оны семинарға қатысқан сала мамандары да дәлелдеп отыр. Тіпті статистикалық деректермен нақты мысалдар да  келтірілді.

«Бүгінгі күні халықтың 75 проценті ақпаратты әлеуметтік желіден алады. Бұл үлкен сан. Яғни халықтың төрттен бір бөлігі деп айтуға болады.  Ал, 60 процент халық жаңалықты теледидардан көреді. 45 проценті түрлі мессенджерлерге жүгінсе,  11 проценті газет оқып, танысады.  9 проценті радио тыңдайды»,–деді «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дархан Уәлиханов.

Жиын барысында әр аймақтан келген тілшілер осы мәселенің шешу жолдарын қарастырды. Тәжірибе алмасып, клубтың алдағы жоспарын бекітті.

                                                                                     «Көкше-ақпарат»