Көкшетау қаласының әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Нұрсұлтан Назарбаев есімімен аталатын жағалаудың атауы Кәкімбек Салықов деп өзгеретіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.Аталмыш жағалауға Кәкімбек Салықовтың есімі алғаш рет берілгелі тұр.«Көкшетауда Қопа көлінің Назарбаев даңғылы бойындағы жағалауына тұңғыш рет біздің көрнекті жерлесіміз, мемлекет қайраткері Кәкімбек Салықовтың есімі беріледі.

Құрметті көкшетаулықтар! Ономастикаға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ресми дереккөзіне ғана жүгінуіңізді сұраймыз», – деп түсіндірді қала әкімінің баспасөз хатшысы Жанна Абдрахманова.

Кәкімбек Салықов – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ақын, Халықаралық Қ.Сәтбаев қорының президенті болған.

«Көкше-ақпарат»