Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайсаның қатысуымен қалалық мәслихаттың 15-ші кезекті сессиясы өтті. Сессияға Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Рүстем Қалышев төрағалық етті.

Оның барысында «2021 жылға арналған эпидемиологиялық ахуал бойынша жұмыс жүргізу қорытындылары туралы» мәселе қаралды. Аталған мәселе бойынша Көкшетау қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекшісі Қ.Ысқақов есеп берді.

Сессияның күн тәртібіне «2022 жылы Көкшетау қаласында су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» мәселе шығарылды. Оның нәтижелері бойынша

Көкшетау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы А.Жақсылықовқа қалада су тасқыны жағдайын болдырмау мақсатында табиғи және техногендік сипаттағы барлық факторларды: күннің күрт жылуы, топырақтың қатып қалуы, қардың қарқынды еруі кезінде су деңгейінің көтерілуін және т. б. ескеру туралы тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ депутаттар Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімінің жетекшісі А.Өтеновтың қалалық бюджетті тоқсан сайын нақтылау жөніндегі есебін тыңдады.
Сессия барысында Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса және қалалық мәслихаттың хатшысы Рүстем

Қалышев қалалық мәслихаттың үшінші шақырылымының депутаты Петр Кузьменконы 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

Ә.ҚҰЛЖАНОВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *