Сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айыру тұрақты түрде алимент төлемейтіндерге қауіп төндіруі мүмкін.

Осылайша, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабына сәйкес өндіріп алу туралы атқарушылық құжат дәлелді себептерсіз орындалмаған жағдайда жеке тұлғадан 250 айлық есептік көрсеткіштен астам (бүгінде бұл сома 862 500 теңге), ал заңды тұлғадан 1 250 айлық есептік көрсеткіштен (4 312 500 теңге) астам алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттардың және арнайы құқықтардың қолданылуын тоқтата тұру туралы сот орындаушысы сотқа ұйғарым жібереді.

Мысалы, борышкер М. деген азаматтың 900 000 теңге алименттік қарызы бар. Сот орындаушысының шараларымен борышкердің есеп айырысу шоттарына қамауға алу шаралары қолданылды, алайда борышкердің есеп айырысу шоттарында қаражат болмаған. Борышкер жұмыс істемейді, оның кез келген мүлкі тіркелген. Сот орындаушысы борышкердің «В, С» санатындағы жүргізуші куәлігі бар екенін анықтады.

Осыған байланысты борышкердің атына берілген арнайы құқық – жүргізуші куәлігін тоқтата тұруды ұсынуды енгізу бойынша шаралар қабылдады. Сот орындаушысының ұсынысын сот Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды. Яғни, сот орындаушысының арнайы құқық – жүргізуші куәлігін уақытша тоқтата тұру туралы ұсынысын қанағаттандырса, борышкер алимент берешегі толық өтелгенге дейін көлік құралын басқарумен уақытша шектеледі.

Сот орындаушысының бұл шараны қолдануы жалғыз кіріс көзі автокөлікті жүргізумен байланысты борышкерлер үшін айтарлықтай кедергі болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, жүргізуші куәлігінің қолданысын тоқтата тұрудың алдын алу үшін алимент төлемдерін уақытылы жасау қажет.

Диана ҚОҢҚАЕВА,

атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінін бас маманы