«Зерделі ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі облыстық ішкі саясат басқармасының «Жастар арасында нашақорлық пен басқа да тәуелділіктердің алдын алу әлеуметтік театрын құру» жобасын жүзеге асыруда. Қоғамдық бірлестіктің іс-шараларына  қатысқан ересектер бірлестік  жетекшісі Гүлнар Оразбаеваның жүргізіп жатқан жұмыстарының қоғамдық мәнін лайықты бағалаған.

Ол нашақорлықтың, алкоголизмнің, интернетке тәуелділіктің, ойынға тәуелділіктің (құмар ойынына бейімділіктің) алдын алу бойынша жобаны жүзеге асыруға шығармашылықпен қарайды, оның жетекшілігімен балалар өзекті мәселелер бойынша спектакльдер қоятын алаң- әлеуметтік театр  құрды.

Көкшетау қаласында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатарынан  Гүлнар  құрған театр труппасы жастар тақырыбына арналған қойылымдарға қатысады. Олар сахнада өз өнерлерін импровизациялай отырып, өзекті тақырыптағы ситуацияны сахналайды. Содан кейін көрермендер әзілкештің (жүргізуші) жетекшілігімен тақырыпты талқылауға белсене қатысып, өздерінің көргені туралы өзіндік пікірін білдіреді, бұл жағдайдан шығу және  оны шешу жолдарын ұсынады.  Осылайша, әлеуметтік мәселені шешуге әртістер де, көрермендер де қатысады.

Жақында труппа гуманитарлық-техникалық колледж студенттеріне арнап қойылым көрсетті. Нашақорлық, алкоголизм және құмар ойындарға тәуелділік тақырыбындағы баяндамасынан кейін тыңдаушылар эмоцияға толы реакция білдіріп, пікірталасқа қызу қосылды.

Одан кейін көрермендер өздері дайындаған қойылымды ұсынды. Осылайша, көрермендер де актерлармен бірге сахнадағы әлеуметтік драмаға жанашырлық танытты. Г. Оразбаеваның айтуы бойынша жобаның мақсаты – жасөспірімдердің бейімді мінез-құлқын дамыту, кәмелетке толмағандар арасында қоғамға жат әрекеттердің алдын алу, жастарға қолайлы шығармашылық орта қалыптастыру.

Іс-шараға Ақмола облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының  аға жедел уәкілі  Р.Құрсанова қатысып, сөз сөйледі.

«Көкше-ақпарат»