Биыл Ресей мен Қазақстан дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады.

Осы уақыт ішінде екі бауырлас мемлекет көптеген ғасырлар бойы тату көршілікке сүйене отырып, барлық салаларда – саясат, экономика, білім, денсаулық сақтау және мәдениетте табысты ынтымақтастық орната алды.

Облыстық Достық Үйінің залында жиналғандарды «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестіктерінің және «Қазақстанның Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» Ақмола филиалының басшылары Александр Артеменко мен Геннадий Осиненко құттықтады.

Достық үйіне екі ұлттың достығы мен бауырластығына деген шынайы көзқарасын білдіру үшін түрлі ұлт өкілдері, маман иелері келді. Зал көрермендерге толы болды.

Этномәдени бірлестіктердің көркемдік ұжымдары –«Русская песня» халық ансамблі мен «Синегорье» ансамблі көрермендерге мерекелік концерт дайындапты.

Өнерпаз әртістердің орындауында достыққа, туған өлке мен Отанға деген сүйіспеншілікке арналған қазақ және орыс әндері шырқалды. Жиналғандар Қазақстан халқының әндері мен билерін үлкен шабытпен орындаған әртістердің, балалар би ұжымдарының қойылымдарын зор қошеметпен қарсы алды.Іс-шара Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар қалалық Кеңесінің қолдауымен өтті.

«Көкше-ақпарат»