Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Халықаралық «Сәлем» комедиялық қойылымдар байқауы мәресіне жетті.

Театр ұжымдары төмендегідей номинациялармен марапатталды: «Үздік дебют» номинациясымен – Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры», «Пранк-Махаббат» комедиясындағы Қымбат образы үшін – Ләззат Қуанышова марапатталды. Авторы: Қанат Жүнісов, режиссері: Дәурен Серғазин. «Үздік сценография» номинациясына Өзбекстан Республикасының мемлекеттік әскери «Тұран» театры лайық деп танылды. Өнер ұжымы ұсынған «Тилло табассумлар» комедиясының авторы: Абдуллы Кадырий, қойылым режиссері: Сайфиддин Мелиев. «Үздік актерлық ансамбль» номинациясымен Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры марапатталды. «Сұлтанның аты сұлтан» комедиясының авторы: Саадала Ваннус, қойылым режиссері: Барзу Абдураззаков.

«Үздік эпизодтық роль» номинациясымен Токтоболот Абдумомынов атындағы Қырғыз мемлекеттік академиялық театры «Алда жаш жубайлар, ай» комедиясымен, Ләзаттың элеси ролі үшін – Арген Карагулов марапатталды. Авторы: Мухамедкалый Касенов, қойылым режиссері: Эркин Эгембердиев. «Үздік музыкалық безендіру» номинациясын «Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры» иеленді. Өнер ұжымы ұсынған «Айман-Шолпан» комедиясының авторы: Мұхтар Әуезов, қойылым режиссері: Мақсат Айтжанұлы. Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы-журналист Әскен Нәбиев атындағы арнайы жүлдемен Астана қаласының Жастар театрының режиссері Дәурен Серғазин, жазушы-журналист Әскен Нәбиев атындағы арнайы жүлдемен Жетісу облыстық Б.Римова қазақ драма театры, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры, Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры марапатталды.

А.АЙҒАРА