Ақмола облысы бойынша экология департаменті РММ 17 сәуір мен 15 мамыр аралығында өңірлік деңгейде балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған «Таза болса Табиғат – аман болар адамзат» тақырыбында балалар суреттері байқауын ұйымдастырды және өткізді. Байқауға Ақмола облысының 4 балалар үйінен  21  тәрбиеленуші қатысты. Қорытындысы бойынша конкурстық комиссия 4 жүлделі орынды анықтады:

Гран-приді иеленген «Ақмола облысының білім басқармасы Ақкөл қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ тәрбиеленушісі 12 жастағы Юлия Колошеева (жетекшісі Ю.К.Борисюк).  «Сандықтау ауылының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау облыстық орталығы» КММ тәрбиеленушісі 13 жастағы Жанель Рамазанова «Природа – Аврора» конкурстық жұмысы бойынша («GAMMA» бейнестудиясы) 1 орын иегері атанды. 2 орынды Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылының «балабақша-мектеп-интернат «Арнайы кешені» КММ тәрбиеленушісі 15 жасар Павел Пеннер «Берегите землю-берегите» конкурстық жұмысымен 2-ші орынды жеңіп алды (Жетекшісі Н.Н.Лагода). 3 орын 2002 жылы туған Степногорск қаласындағы «Жастар» облыстық жасөспірімдер үйінің әлеуметтік бейімдеу орталығы КММ түлегі Геккель Владиславқа берілді. Сандықтау ауылының ең кішкентай қатысушысына «Көрермендер көзайымы сыйлығы» берілді, онда 4 жастағы Даниал Ескендіров «Наш лучший друг – природа» конкурстық жұмысымен ерекшеленді.Ақкөл қаласының балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі Руслан Шайбақов ынталандыру сыйлығын алды. Жүлделі орындарға ие болған қатысушыларға грамоталар, естелік сыйлықтар, байқаудың қалған қатысушыларына іс-шараға қатысқаны үшін дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Байқаудың барлық қатысушылары жүлделі орындарға лайық, өйткені барлық жұмыстар тақырыптық түрде жасалған,   мағынасы бар, жас ерекшеліктеріне қарамастан керемет сурет салу техникасын атап өткім келеді. Біздің жас таланттарымызға алаңсыз балалық шақ,  әр күнде қуаныш тілейміз, оларға зор денсаулық және өмір жолында сәттілік тілейміз.  Біздің кішкентай болса да сыйлықтарымыз Сіздерге қуаныш пен бақыт сыйлайды деп үміттенеміз.

Күләш Рақымова, экология департаментінің бас маманы