1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен соң Кеңес үкіметі ыдырап, Қазақ еліміз 1991 жылы өз тәуелсіздігіне қол жеткізеді. Дәл осы күні — 1991 жылдың 16 желтоқсанында республикамыздың тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы Конституциялық заң қабылданды.

Қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасы «Тәуелсіздік тұғырым» атты тарихи сағат ұйымдастырды.

Іс-шараға Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицейінің оқушылары мен Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің студенттері қатысты. Оқушылар мен студенттер өз ойларын ашық айтумен қатар, Тәуелсіздік күніне арнаған өлеңдерін оқып, қазақтың күйлерін орындады. Арнайы қойылған көрмемен танысып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.  Азаттық үшін жанын пида еткен ата-бабаларымыз бен Желтоқсан құрбандарын еске алу – кейінгі ұрпаққа парыз. Қазақстан бүгінде іргесі блерік мемлекет,  зайырлы, ата-заңы, конституциясы бар құқықтық мемлекет.Осындай мемлекетте, осындай табиғаты тамаша елде туғанымды мақтан етемін! Жасай бер, жаса Тәуелсіз Қазақстаным!

Д.КОШЕМБАЕВА,

қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасының кітапханашысы