Көкшетауда Ұлттық валюта күні мен ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық құрылымдарының қызметкерлері арасында спартакиада өтті.

Жарыс шағын футбол, волейбол, үстел теннисі және шахматтан ұйымдастырылды.Спорттық шараға 4 команда қатысты. Бұл Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер, Ішкі мемлекеттік аудит, Қазынашылық  және Мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру департаментінің құрама командалары.

Жарысты ашқан Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Ақмола облысы бойынша мекемесінің басшысы Бауыржан Қабдыраш бұл спартакиаданың маңызды екенін, ол ұжымды біріктіруге және салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Спартакиада қорытындысында волейбол, үстел теннисі және шахматтан Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жеңімпаз атанды.

Шағын футболдан өткен жарыста Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің командасы жеңіске жетіп, қорытындысында жалпы командалық екінші орынды иеленді.

Үшінші жалпыкомандалық орынға Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің командасы қол жеткізді.

Жарыс жеңімпаздары мен ерекшеленген ойыншылар кубоктармен, дипломдармен марапатталды.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін баспасөз қызмет