Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Рүстем Қалышевтің төрағалығымен 21-ші кезектен тыс сессия өтті. Оның жұмысына Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса, мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Депутаттар «Көкшетау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № С-13/14 «2022-2024 жылдарға арналған Краснояр ауылдық округі және Станционный кентінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Көкшетау қаласының құрамдас бөліктерін атау, қайта атау бойынша ұсыныстарды енгізу туралы», «Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № С-28/3 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және басқа да мәселелеріне бірауыздан дауыс беріп, шешім қабылдады.

А.АЙҒАРА