ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Көкшетау қаласында болды.

Роман Скляр Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевпен бірге «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК алдағы жылыту маусымына дайындықтың барысымен танысты.

Қаланы жылумен жабдықтауды АҚ-1 және АҚ-2 қазандықтары жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта, ҚР Үкіметінің резервінен бөлінген шамамен 2,6 млрд. теңге қаражат есебінен АҚ-1 және АҚ-2 түтін құбырларын, №7 су жылыту қазандығын және № 8,9,10 қазандық агрегаттарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда, жалпы орындау 50%-дан асады.

Сонымен қатар, ұзындығы 3,3 км жылу тораптарын ауыстыру, ұзындығы 3,7 км жылу оқшаулауын қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 1775 м жылу тораптары мен 2 620 м жылу тораптарының оқшаулауын жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, 3 сорғыны ауыстыруға шарт жасалды.

«Жылу беру маусымының басталуына қарай барлық жұмыстар аяқталуы тиіс. Тиісті қаражат бөлінді, жұмыс істеңіздер. Қыркүйектің ортасында Бестөбе к. және Степногорск қ. баруды, қаланың жылумен жабдықтау объектілерінің және ЖЭО жылу беру маусымына дайындығын тексеруді жоспарлап отырмын» — деп атап өтті Роман Скляр.

Аралау барысында Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары мен өңір басшысы су тазарту қондырғыларына барды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін, «Көкшетау қаласының су құбырын тазарту имараттарын реконструкциялау және кеңейту» жобасы іске асырылуда. Ағымдағы жылы жоба түзетуден өтті, іске асыру мақсатында облыстық бюджеттен 1,5 млрд.теңге қарастырылды. Бүгінгі таңда, мердігер ұйыммен құрылыс-монтаж жұмыстары, құрылыс және шығыс материалдарын сатып алу жүргізілуде.

Сондай-ақ, сапар барысында Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары мен облыс әкімі Сарыарқа шағын ауданы құрылысының барысымен танысты.

Құрылыс 2012 жылы басталды. Барлық тұрғын үй шағын ауданының аумағы 1120 га құрайды, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен 900 гектардан астам игерілді.

900 орындық Әл-Фараби атындағы ІТ-мектеп, өрт сөндіру депосы, «Виамедис» клиникалық-оңалту орталығы, мұз аренасы, 58 көп пәтерлі тұрғын үй сияқты бірқатар әлеуметтік маңызы бар объектілер пайдалануға берілді.

280 орындық 2 балабақша, 1200 орындық мектептің, 150 орындық мүгедектерге арналған оңалту орталығының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. 1500 орындық 2 жайлы мектеп, полиция департаменті ғимараттарының құрылысы үшін жер учаскелері бөлінді.

630 орынға есептелген көпбейінді облыстық аурухана салу жоспарланды. 3 жалға берілетін және 4 кредиттік үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Ермек Боранбаев келесі жыл мерекелі жыл екенін атап өтті, қалаға 200 жыл толады. Бүгінгі таңда қаланы абаттандыру бойынша үлкен жоспарлар белгіленді.

Одан кейін, Бестөбе ауылы тұрғындарының бастамашыл тобымен кездесу өтті. Кент тұрғындары жұмысқа орналасуға және кенішінің алдағы уақыттағы жағдайына қатысты мәселелерді көтерді.

«Қазақалтын» ЖШС кәсіпорнының жұмыскерлеріне қаланың өнеркәсіп кәсіпорындарында бос жұмыс орындары және белсенді жұмыспен қамту шаралары, сондай-ақ 6 айға дейін жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдер ұсынылды.

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары бұл мәселенің Үкіметтің бақылауында екені жөнінде ақпараттандырды.

«Бір заң аясында және халық мүддесі үшін әрекет етеміз. Тамыз айында сорғылар мен құбырлар орнатылған соң, Бестөбе кенішінде су сору жұмысы басталады» — деп атап өтті Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары.

«Қалпына келтіру жұмысының алғашқы кезеңдерінде 320 астам адам тартылды. Бестөбе кеніші тиісілі «Алтыналмас» АК» АҚ компаниясының ақпараты бойынша, судың ағызылуына және жаңа тау горизонтына қолжетімділік байқалуына қарай, жергілікті халық арасынан шамамен 300 шахтер қосымша тартылатын болады. Жалақының толық төленуімен кәсіпорынды қалпына келтіру үшін жұмыскерлердің қажетті саны жұмысқа тартылатын болады. Қалған тартылмаған жұмыскерлерге «Алтыналмас» АК» АҚ және «Қазақмыс» корпорациясының басқа өндірістік алаңдарында жұмысқа орналасу нұсқалары ұсынылады.

Облыс әкімдігімен жұмыссыз қалған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша барлық қажетті шара қолданылатын болады» — деп қорытындылады Роман Скляр.