Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына «Үш қоңыр» республикалық газетінің бас редакторы Болат Батыров келді. Әдебиет және өнер жөніндегі республикалық газетінің алғашқы басылымы 2010 жылдың 19 наурызында жарық көрген. Басылымның негізгі идеясы: мәдениет мәселелерін кеңінен жариялау, оқырмандардың назарын ұлттық өнер мен әдебиетке аудару.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова және мекеме директоры Қуаныш Оспан іс-шара қонағын жылы қарсы алды.  Бас редактор өзінің баспасы және қызықты жарияланымдар туралы айтып берді. Кездесуге кітапханашылар, мерзімді басылымдарға және олардың мәдениет пен өнер мәселелеріне арналған материалдарға қызығушылық танытқандардың барлығы қатысты. Кітапхананың өнер бөлімінің басшысы Бостангүл Ерманова газетпен тұрақты ынтымақтастығы үшін алғыс хат табысталды.

Бостангүл Азатқызы өнер адамдарын насихаттау жөніндегі «Өңіріміздің өнер майталмандары» жобасының авторы болып табылады. Жобаның іс-шаралары туралы ақпараттары «Үш қоңыр» республикалық басылымының беттерінде үнемі жарияланып тұрады. Болат Батыров іс-шараның барлық қонақтарына газет даналарын, сондай-ақ басылымдардың фотосуреттері бар күнтізбелерді сыйға тартты.

«Көкше-ақпарат»