Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын мерекелеу шеңберінде Ақмола облысында 1 мыңнан астам мерекелік іс-шара өткізіледі.

Ақмола облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Наурыз мейрамы қарсаңында өңірде көне салт-дәстүрлердің тарихи реконструкциясын, «Наурыз көже», отбасылық ансамбльдер, ұлттық аспаптар тәрізді фестивальдер, «Келіндер», «Әжелер» байқауларын, көшпелі қайырымдылық концерттер, акциялар, балалар шығармашылығы іс-шаралары, «Бата» байқауы, ұлттық тағамдар, ою-өрнектер, ұлттық киімдер челлендждерін өткізу жоспарланған.

Наурыз онкүндігі «РИО» сауда, ойын-сауық орталығында интерактивті мерекелік бағдарламамен ашылды. Оған «Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары қатыс-
ты. Ақмолалықтар «Кербез сұлу» халықтық фольклорлық ансамблі (жетекшісі Дәурен Біржанов), «Көркемтау» домбырашылар ансамблі (жетекшісі Қайрат Нұрмұқанов), халықтық ардагерлер хорының вокалдық тобы (жетекшісі Светлана Пушкина), «Шамшырақ» эстрадалық вокал студиясының солистері Дильназ Маликова және Арай Негимеджанова (жетекшісі Марина Даутова), «Шалқыма» халықтық би ансамблі (жетекшісі Айдана Батталова), вокалдық квартет (жетекшісі ҚР еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова), саксофоншы Вадим Белый, дәстүрлі әнші Төлеген Амановтың өнерлерін тамашалады. Шара шеңберінде сауда орталықтарына келушілерге мерекелік көңіл-күймен қатар қазақтың ұлттық тағамы – бауырсақ үлестірілді.

А.АЙҒАРА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *