Наурызшығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.

Көктемнің жаңа жыл мерекесі бірнеше күн бойы тойлануы бұрыннан қалыптасқан дәстүр. Ұлыстың ұлы күніне арналған Застанциондық қалалық үлгілі кітапханада «Наурыз – құт, береке бастауы» атты мерекелік  калейдоскоп өтті.  Іс-шара басында кітапхана оқырманы Жаңыл Досанова дәстүрлі шашу шашты. Бата – үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Застанциондық мөлтек ауданының ардагерлер кеңесінің жетекшісі Рахимжанов Әбілғазы Қабылұлы  Ұлыстын ұлы күнімен құтықтап,  батасын берді.

Кітапхананың оқырмандары, №14 жалпы білім беретің мектептің оқушылары Айғаным Болат, Меңсұлу Марат домбырамен бірнеше  қазақ халықның күйлерің орындады, белгілі ақындардың Наурыз мейрамына Айсерік Ойратұлы, Диляра Хайрушева арналған өлеңдерін оқыды және іс-шара соңында Нұркен Мансұр,Нурали Амантай,Болат Мансұр «Қара жорға» биін орындады. Оқырмандар Айсұлу Мұхамеджанова және Жанель Мұқанова  «Бипыл» биін сыйлады. Мирас Бәйкен  және т.б. балалар ұлтық асық ойынын ойнады. Кітапхананың кітапханашылары Алма Нұркенова, Елена Данчева дастархан жайып, қазақ ұлттық Наурыз көжесінен  оқырмандарға дәм татқызды. Бұл дәм – ешбір тағам түрімен салыстырылмайтын дәм. Наурыз көженің дәмін жыл бойы ұмытпайсың.

Әрбір шаңыраққа қыдыр дарып бақ қонсын!  Қазақ жаңа жылында да «аяз ата» бар. Бірақ оның аты – Қыдыр ата. Егер аяз ата сыйлық таратса, Қыдыр ата бақыт таратады. Менің ойымша, бақыт – сыйлықтан жақсырақ. «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кiрсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» деген еліміздің арасында сенiм бар,  үй-iшiн де қағып-сiлкiп, отпен аластайды.

Қарлығайын Нұрхадырқызы,

Застанциондық қалалық үлгілі  кітапхананың меңгерушісі