Иә, Отан десе, әр адамның көз алдына туып өскен жері, ата-анасы, достары, байтақ елі елестейді. Отан мен үшін тек туған жер ғана емес, мұнда менің балалық шағым, жастық шағым өтті, бұл жерде мен достарыммен таныстым. Менің Отаным – тарих пен даналықтың, рухани құндылықтардың мекені.

Мен патриот ретінде еелім үшін барлығына дайынмын. Әр азамат Отаны үшін отқа түсуге дайын болуы керек деп ойлаймын. Ол біздің анамыз сияқты, оны туғаннан бастап жақсы көруге және қорғауға тиіспіз. Мен – Қазақстанның кішкентай ғана бөлшегімін. Мұнда көптеген ұлттар мен ұлыс өкілдері тұрады: орыстар, өзбектер, кәрістер мен немістер, татарлар мен шешендер, т.б. Бәрі де ұлтына, діни көзқарасына, салт-дәстүрінің алуан түрлілігіне қарамай, бір шаңырақ астында ынтымақ пен бірлікте өмір сүріп жатыр. Кей адамдар Қазақстанға бақытты өмірді іздеп қоныс аударып жатыр және бақытты өмірді құра алады.

Біздің мектепте осындай тақырыпқа түрлі байқаулар ұйымдасырылып, оқушылар өз жобаларын ұсынады. Жақында «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңі өтіп, «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясында 10 «А» сынып оқушысы Каир Дильназ ІІІ орынға ие болды. Дильназ Красный Яр ауылының 2030 жылы дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін дамыған ауыл жобасын жасады. Макет арқылы жобасын қорғады.Болашақта ауылымыздың жаңарып, жарқырауына сенеміз.

Ажаргүл Шәріпова,
Красный Яр ауылының 3 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі