Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, былтыр қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштады.

Мемлекет басшысымен бірге ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Құран аяттарын оқып, марқұмдар үшін арнайы дұға жасады. Еске сала кетсек, «Бұл оқиғалар бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді. Мемлекетіміздің тұтастығына және егемендігімізге зор қауіп төнді. Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді.

Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық Уақыты және батыл шешім қабылдап, лаңкестерге тойтарыс бердік. Мен қашанда бәрін ашық айтып жүрмін. Індет кезінде қалыптасқан ахуал жөнінде жұртшылыққа үнемі ақпарат беріп отырдым», –деді Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің өткен жылы Халыққа арнаған Жолдауында.

 «Көкше-ақпарат»