Мен, Жарасбаева Акмарал, Красный яр ауылының №1 сайлау учаскесінде «Дауыс қоғамдық байқаушылар коалициясы» атынан еліміз үшін маңызды сайлауында байқаушы ретінде қатыса отырып, сайлаудың ұйымдастырылуы мен өтуінің жоғары деңгейде екенін, заң талаптарына сәйкес өтіп жатқанын көріп отырмын. Сайлауға ауыл тұрғындарының белсенділігі де жоғары. Саяси науқанға отбасымен бірге келіп дауыс беріп жатқандардың қатары көптеп саналуда. Ауылымыздағы үлкен адамдар да осы қатардан табылып отыр. Мекеме қызметкері, көше тұрғындары болып, бірлесе келіп, белсенділік көрсетіп жатқандар да бар. Бұл көріністен елдің болашағына ауылдастарымның немқұрайлы қарамағанын түсіндім. Еліміздің болашағының жарқын болуы үшін өз үлестеріңізді қосуға шақырамын.

Байқаушы Жарасбаева А.М., №1 СУ