Көкшетау ұзақ уақыт бойы кинотеатры жоқ облыс орталығы болып қала берді. Киноиндустрияның жаңалықтарын көргісі келетіндер көрші қалаларға: Щучинск, Петропавл немесе тіпті елордаға баруға мәжбүр болды. Жақында көкшетаулықтар «Cinema Alem» кинотеатрында фильмдерді тамашалай алады.

«Біріншіден, біз проекторларымызды жаңарттық. Қазір барлық жабдықтарды қалпына келтіріп жатырмыз. Бізге серверді Нұр-Сұлтан қаласының мамандары жеткізді. Әуелі 320 орындық үлкен залдан бастаймыз. Бәрі ойдағыдай болады деп үміттенеміз. Жақында жаңа жабдықтар сатып алдық. Көрермендеріміз түсіністік танытады деп үміттенеміз», – дейлі бас инженер Асхат Мағзеев.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде екі фильм бар – «Миниондар: Грювитация» және «Юра әлемі».

«Қазір «Сулпак» және «Меломанмен» келісім сатысында болғандықтан, олар біздің жеткізушілеріміз және келесі фильмдерді алдағы аптада ғана ұсынады. Билеттің бағасы біздің құзіретімізде емес, оны әзірге айта алмаймыз. Бізде әрбір жеке фильмге келісім бар және оның бағасын «Сулпак» пен «Меломан» талап етеді. Ал оларға өз кезегінде фильді шығарушылар талап қояды. Сондықтан билеттің бағасы әр уақытта әр түрлі болады. Біз үлгеруге тырысамыз. Қазір залды ретке келтірудеміз – ол үш жылға жуық бос тұрды, өйткені қабырғалары әктеліп, түске боялуы керек, залдарды да ретке келтіреміз. Бізде билеттерге электронды брондау болады, ол бұрынғыдай ұзын-сонар кезектің болмауы үшін өте ыңғайлы», – деп түйіндеді Асхат Мағзеев.

Ә.ҰЛАНҚЫЗЫ