Ақмола бокс тарихындағы алғашқы лицензия. Қытайда Азия ойындары жалғасуда және Бокстан жарыста Ақмола облысының спортшысы Карина Ибрагимова кезектіжекпе-жегіндежеңіскежетті.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Высоцкийдің айтуынша, 57 келі салмақ дәрежесінде біздің жерлесіміз Моңғолия өкілін жеңді.

«Карина Азия ойындарының жартылай финалына шықты. Осылайша Ақмола бокс тарихындағы Олимпиада ойындарына қатысуға алғашқы лицензияны жеңіп алды. Біз минималды тапсырманы орындадық, бірақ мұнымен тоқтап қалмаймыз»,– деп атап өтті А.Высоцкий.

                                                       «Көкше-ақпарат»