Жастар — қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал жаңа идея қазақ елінің жаңаруына бағыт алып, “Мәңгілік ел” болуына нық қадам бастайды. Тек бізде ғана емес, әлем жұртшылығы жастардың алып күш иесі екендігін мойындап, олармен санасады. Сондықтан бір жылдың айтулы бір күнін арнайы жастар мерекесі етіп, күнтізбеде белгілеген. Яғни, 12 тамыз — Халықаралық жастар күні ретінде аталып өтілді. Осыған орай Көкшетаудағы Қопа көлінің жағалауында “Open air” өткен болатын. Шара барысында жастармен түрлі ойындап ұйымдастырылып, викторникалық сұрақтарға жауап алынды.  Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды.Ақмола облысы әкімінің атынан, облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы А.Алин ерекше көзге түскен жастарды алғыс хаттармен марапаттады.  Кешіміздің арнайы қонақтары Live Band “Muzei” , “Inkarim show ballet”, сондай-ақ “volo family”  Жұмаш Серікбол, Әліби Айдынбек, Дильназ Қажығалиева, Әйгерім Дәулетхан және тағы басқаларына, сонымен қатар демеушілерімізге алғыс білдіреміз дейді ұйымдастырушылар. Іс-шара DJ Кубаның кешті одан әрі жандандырумен жалғасын тапты.

                                                «Көкше-ақпарат»