Соңғы апталарда Көкшетауда айлық жауын-шашынның жартысыт үсті.

Қала көшелерінен қардың қалай шығарылатыны туралы«КөкшеТазалық» ЖШС техникалық қадағалау инженері Владимир Корнатовскийайтыпберді.

Облысорталығындакөше тазалығыменекімердігерұйымайналысады: «КөкшеТазалық» ЖШС және«Зерен плюс»ЖШС. «Күнсайын 1200-1500 текше метр қаршығарамыз. Тазалауға 40-танастамадам, 38-ге жуықарнайы техника жұмылдырылды», –деді Владимир Корнатовский.

Қар қалың жауғанжағдайдакоммуналдыққызметкерлердемалыс күндері де жұмысқатартылады.  Бірінші кезекте орталық көшелер қардан тазартылады.«Бізге қанша көше бекітілгенін айту қиын, бұл шамамен 70% құрайды. Әрқайсысының өз учаскелері бар, сол бойынша жұмыс істейміз», – деп түсіндірді Владимир Корнатовский.

Қала көшелерінен жиналған қар полигонға шығарылады.«Бізде алты күндік жұмыс апталығы, әдетте жексенбіде кезекші қоқыс бригадалары жүреді. Ал егер қар жауса, біз бригаданы шақырып, жұмыс істейміз», – деп қорытындылады В.Корнатовский.

«Қазгидромет» РМК Ақмола филиалында атап өткендей, өткен демалыс күндері Көкшетауда 7,2 мм жауын-шашын түсті. Бір айдағы норма-12 мм.

«Бірінші онкүндікте бір айлық жауын-шашын болды. Қаңтардың сегіз күнінде 11,2 мм қар түсті, норма – 12 мм», деп хабарлады» Қазгидромет « РМК Ақмола облысы бойынша филиалы.

Ә.ҰЛАНҚЫЗЫ