«Keremet jol» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысында иппотерапия сеанстарын өткізіп бастады. Сабақтар мүгедектігі бар балалардың физикалық және психикалық денсаулығын жақсартуға бағытталған.Бастама Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте іске асыратын «Байтақ жер» жобасының бөлігі болып табылады.

Жобаның мақсаты – туризмді дамыту және жастарды тарту арқылы Ақмола облысының ауылдық аудандарында кәсіпкерлікті қолдау.Бүгінгі таңда Қазақстанда 162 мыңнан астам мүгедектігі бар бала тіркелген. Емдеу мен оңалтудың тиімді әдістерінің бірі иппотерапия, яғни атпен жүру арқылы емдеу болып табылады. Мысалы, тірек-қимыл аппараты проблемалары бар балаларда әдетте жүру кезінде жұмыс істейтін кейбір бұлшықеттер қозғалмайды. Бірақ атқа мініп жүру бұл бұлшықеттердің қозғалғыштығына ықпал етеді. Нәтижесінде баланың жағдайы жақсарады және ол жаңа хобби таба алады.

Keremet jol осы мәселені шешумен айналысады. Ұйым жетекшісі Әмина Есина – иппотерапия, оңалту және ат туризмі бойынша сертификатталған нұсқаушы. Оның айтуы бойынша, емдеу нәтижелері жеке адамға байланысты, олар алғашқы сабақтан кейін де, бірнеше жылдан кейін де көрінуі мүмкін. Өйткені, иппотерапия – мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттырудың тиімді әдісі, ал ат туризмі – белсенді демалыс өткізудің тамаша тәсілі.

Бұл шаралар қатысушылардың әлеуметтік интеграциясы мен психологиялық денсаулығын жақсартады.Сонымен қатар, қолданыстағы орталықтарты кеңейту және жаңаларын құру иппотерапевтер мен ат туризмі нұсқаушыларының тауашасында бәсекелестік ортаның бар болуын қамтамасыз етеді. Бұл қызметкерлердің біліктілігі мен қызмет көрсету деңгейін арттырады.

Ұйым Қосшы кентінде және Ақкөл ауданының ормандарында алғашқы иппотерапия сеанстарын және ат турларын өткізе бастады. Тамыз айында Қорғалжын ауданына өткел өткізу жоспарланған. Ол жақсы дайындықты қажет етеді және тәжірибелі шабандоздарға арналған. Сонымен қатар, жақын арада бірлестік ұзақ турларда түнеу үшін пайдаланылатын киіз үйді сатып алмақ.

 

«Көкше-ақпарат»