ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен Көкшетау қаласы колледждері мен мектептерінің информатика пәні оқытушыларын eGov.kz электрондық үкімет порталында жұмыс істеу дағдыларына оқытуды жүргізіп жатыр. Аталған бағытта Департамент облыстық білім басқармасымен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жергілікті филиалымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Тренингтер барысында информатиктерді тек eGov порталы арқылы ғана емес, eGov mobile, Kaspi.kz және Homebank мобильді қосымшалары арқылы да қызметтерді алуға үйретеді. «Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Біздің мақсатымыз – оқытушыларды дайындау, ал олар өз кезегінде жоғары сынып оқушылары мен студенттерді оқытатын болады. Бұл біздің халқымыздың ең мобильді бөлігі, олар бірінші кезекте цифрлық дағдыларға ие болуы және өз дағыларымен бөлісуі тиіс», – дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Жазира Сейітмағанбетова.
«Көкше-ақпарат».