Электрондық мемлекеттік қызметтер әрқашан ыңғайлы, қолжетімді, жылдам, сапалы, сенімді және ашық.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бизнес-процестер үнемі жаңартылып отырады, бұл өз кезегінде тұрғындарға оларды барынша қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді. Мысалы, егер бұрын ММИБ тіркеу және оның төрағасын таңдау үшін үй тұрғындарымен бірнеше рет кездесуден бастап әділет органдарына тиісті өтініш беруге дейінгі жұмыс қажет болса, енді ұялы телефоныңыздағы Өз үйіңді басқар қосымшасы арқылы онлайн өтініш беру жеткілікті.

Мобильді қосымшаны Google Play немесе Apple Store тегін жүктеп алуға болады. Өз үйіңді басқар қосымшасында онлайн форматта дауыс беруге болады, яғни тұрғындардың қолдарын онлайн жинау, дауыстарды автоматты түрде санау, кворум және электронды хаттаманы қалыптастыру.

Сондай-ақ ММИБ электрондық тіркеу үшін «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасына төрағамен, хатшымен және үй кеңесімен қол қойылған электрондық Хаттаманы жіберу мүмкіндігі қарастырылған.  Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі берілген күннен бастап 1 жұмыс күнін құрайды. ММИБ электрондық тіркеу – бұл, ең алдымен, ММИБ қызметінің ашықтығы, алаяқтық әрекеттерді болдырмау, үйді басқарудағы процестерді автоматтандыру, қағаз айналымын жою.

 Ф. Махметжанова,

 Әділет Департаменті коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және

тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы