Қазақстанның маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі «ҚР Мемлекеттік рәміздері күні» болып табылады. Елімізде жыл сайын қабылданған конституциялық заң негізінде 4 маусым күні атап өтіледі. Биыл тәуелсіз ҚР рәміздеріне 30 жыл толады. Адамзаттың әлемдік тарихында әр мемлекеттің ежелгі дәуірден бастап, жоғарғы биліктің сыртқы нышанының өзіндік институты болып табылатын рәміздерінің болуы жете қалыптасқан. «Осындай маңызды жүйелер арқылы мемлекеттік билік әлемдік қоғамдастыққа өзінің ұлттық-мәдени ерекшелігін, әлемдегі идеологиялық және құндылық бағдарларын айқын көрсетеді, белгілі бір ішкі және сыртқы саяси мақсаттарды, талаптар мен ұмтылыстарды білдіреді. Мемлекеттік рәміздерді қалыптастыру процестері тұтастай және әр елде әр түрлі өткен».

Дәстүрлі Қазақ мемлекеттілігінің сыртқы рәміздерінің қалыптасу тарихы ғасырларға ұлғасады. Ғалымдардың пікірінше «Дала өркениеті өкілдерінің жоғарғы билік рәміздерінің қалыптасу уақыты бойынша алғашқылардың бірі ту мен мөр пайда болған. Аталмыш нысандар орасан зор Еуразия құрлығында жаңа түркітілдес Көшпелі мемлекетінің – Қазақ хандығының (ХV ғ.) құрылуымен бір мезгілде қалыптасып, ХІХ ғ. соңына дейін өзекті болды. Әрбір атақты билеуші – хан немесе сұлтан – өзінің жеке туы мен мөріне ие болған, олар басқа символдық үлгілерден ою-өрнектермен және иесінің куәландыру белгілерімен айтарлықтай ерекшеленді. Бұл ретте Қазақ мемлекеттілігінің басты сыртқы ерекше белгілер әртүрлі ішкі саяси құжаттар мен халықаралық шарттарды куәландыру үшін қолданылған хандар мен сұлтандардың қолданбалы мөрлері болды».

Қазақ қоғамында ежелден пайда болған рулар таңбаларын дәстүрлі нышандарға да жатқызуға болады. Таңба, Тамға, Тағма – кез-келген графикалық белгіні білдіретін түркі терминінің нұсқалары. Қазақтың «Таңба» сөзінің тағы бір мағынасы – рулық белгі, таңба, мөр. Орталық Азияның барлық көшпенділерінде ежелгі заманнан бері негізінен меншік белгілері ретінде қолданылған тайпалық, рулық, қауымдық белгілер болған. Бұл белгілермен үй жануарларын, тұрмыстық заттар мен қару-жарақтарды таңбалаған. Қазақ таңбалары – қазақ халқының ежелгі және салыстырмалы түрде таяудағы ішкі рулық байланыстарының, оның көрші тайпалармен және мемлекеттермен күрделі өзара қарым-қатынастарының куәгерлері».

Елтаңба – жер бетіндегі бүкіл елде бар мемлекеттіліктің маңызды нышаны. Егемен Қазақстанның Елтаңбасы екі танымал сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың еңбегінің нәтижесі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран-бүркіт бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық ою-өрнектер алтын түстес. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.

Елтаңба және тумен қатар, қазіргі рәміздеріміздің өзгермейтін нышаны – әнұран болып табылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының авторлары – ақын Жұмекен Нәжімеденов, композитор Шәмші Қалдаяқов және экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны – «Менің Қазақстаным» әні – мемлекеттің барлық азаматтарының ортақ игілігі. Терең лирикалық әуен адамдардың жүрегінде патриоттық сезімді оятады. Әнұранды оң алақанды кеуденің сол жағына қойып тұрып тыңдау ұсынылады. Ежелгі заманнан бері бұл қимыл символдық сипатқа ие, бұл жеке адамға да, тұтастай мемлекетке де құрмет пен ізеттің белгісі».  Еліміздің рәміздері Қазақстанның 30 жылдық Тәуелсіздігі барысында өткен тарихи жолының жарқын көрінісі.

    Бибігүл БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ