Наурыз мейрамы – ынтымақ пен бірліктің, көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін кез. Бұл күні ұзақ көріспеген ағайын-бауырлар, туған-туыстар көріседі. Бұрынғы өкпе-реніштер кешіріледі. Осы керемет мейрамға орай, облыстық «Көкшетау» бәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен қазақ халқының «Шашу», «Бесікке бөлеу», «Тұсаукесер», «Құлақ тесу», «Бастаңғы», «Қымызмұрындық» дәстүрлері көрсетілді.

Қазақтың салт-дәстүрлері бала дүниеге келген сәттен бастап, ержетуі, тәрбиесі, келін түсіріп, қыз ұзатуы, өлім-жітімге дейінгі аралықты, сонымен қатар қауымдық-әлеуметтік мәселелерді де қамтиды. Бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре білген адам болашаққа жауапкершілікпен қарап, еліміздің елдігі үшін аянбай қызмет ететін азамат болып өседі. Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны.

А.АЙҒАРА