Көкшетау қалалық мәслихатының кезектен тыс 8-ші сессиясы өтті. Сессия отырысына қала әкімі Бауыржан Ғайса қатысты.

Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі – қала бюджетін және Краснояр селолық округі мен Станционный кентінің бюджетін нақтылау болды. Аталған мәселелер бюджеттік комиссияда да қаралған болатын.

Бюджетті нақтылауда қарастырылған жобалар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Халық қалаулылары шаһарда орын алған басты мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады.

Сонымен қатар бірнеше нормативті-құқықтық актілер қабылданып, Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі, әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және Көкшетау қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары бекітілді.

«Көкше-ақпарат»