2023 жылғы 24 сәуір мен 14 маусым аралығында Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы салауатты өмір салтын насихаттау және халықты бұқаралық спортпен шұғылдануға тарту мақсатында, облыстық басқармалар мен ведомстволардың 16 командасы арасында «Бірлік»  ведомстволық спартакиадасын өткізді. Жарыстар спорттың 12 түрі — шахмат, үстел теннисі, армрестлинг, ұсақ калибрлі мылтықтан оқ ату, пауэрлифтинг, шағын футбол, гір спорты, жүзу, қазақ күресі, кросс — «Президенттік миля», волейбол, тоғызқұмалақ бойынша өткізілді.

Спорттың алты түрінен құтқарушылар сенімді жеңіске жетіп, гір спортында, үстел теннисінде, жүзуде, қазақ күресінде, «Президенттік миля» кроссында және волейболда ІІ орынды иеленді. Спорттың барлық түрлері бойынша жалпы нәтижелерді санау біздің құрама команданы спартакиада жеңімпаздары ретінде құрмет тұғырына шығарды.

Құтқарушылардың дене шынықтыру дайындығы маңызды рөл атқарады. Шынында да, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде көптеген адамдардың өмірі кейде ТЖ қызметкерлерінің шебер және жылдам әрекеттеріне байланысты болып келеді. Сондықтан Өрт сөндіру қызметі қызметкерлердің физикалық дамуына көп көңіл бөледі. Біздің қызметкерлер әртүрлі спорт түрлерінен үміткерлер мен спорт шеберлері болып табылады.

Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Қоғаммен байланыс тобы