Орталығымызда шағын және орта бизнес субъектілеріне, Қөкшетау қала тұрғындарына арналған «Сөйле.кз» клубы жұмыс жасайды.

Қазіргі таңда бұл клубта 26 тыңдаушы жеңіл жолмен ауызекі сөйлеуді үйреніп жатыр.  Тыңдаушылардың жас ерекшеліктері әртүрлі болғанымен тілді үйренуге деген қызығушылықтары ортақ. Сондықтан аптасына екі рет сабағымызға қуана келеді.

Клубтың негізгі мақсатыүйренушілерге тілді алдымен элементарлық меңгерту. Сөйлеу, айту, интонациялық, лексикалық дағдаларын қалыптастыру, мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Сондықтан сабақтар ойын түрінде, көрнекілік, көлемді көрнекілік, дыбыстық көрнекілік, графикалық символдарының көмегімен меңгертіледі.

Оқыту бағдарламасы қызықты 16 модульден тұрады. Мысалы, «Менің бос уақытым», «Отбасы мүшелері», «Менің сүйікті ісім», «Сауда отралығында», «Менің қалам» т.б.

Қазақ тілін насихаттау және  қарым-қатынас тіліне айналдыру мақсатында клуб мүшелерімен бірлесе ірі сауда орталықтарында қала тұрғындарымен ойындар, викториналар, сайыстар өткізіп тұрамыз. Халыққа тілдескіштер таратамыз.Клубтың қызықты жаңалықтары желі бетінде үнемі жарияланып тұрады.

Гүлдана Есмурзина,

«Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру

және спорт бөлімі»ММ «Тілдердіоқыту орталығы» КММ директоры