Облыстық басқарма басшыларының қатысуымен Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Өңірлердегі депутаттар іс-шараға бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды.

2022-2024 жылдарға арналған бюджет жобасын қалыптастыру кезінде барлық деңгейдегі депутаттардан жалпы сомасы 227 млрд.теңгеге 594 жобаны қаржыландыру туралы өтініш берілді.  42% (246) оң шешілді – 128 жоба 2021 жылы басталды, 118 жоба 2022 жылға көзделген. 594 жобаның 204-ін (34%) облыстық мәслихат депутаттары ұсынды. Оң шешім 91 немесе 44% бойынша қабылданды. Қалғандарын аудандық және қалалық мәслихаттардың хатшылары жіберді.Ағымдағы жылы облыстық мәслихаттың төрт депутатынан 46 жоба бойынша облыстық бюджетті нақтылауға өтінімдер келіп түсті, оның 6-ы мақұлданды.

Тамыз айында облыстық және аудандық (қалалық) мәслихаттар депутаттарынан 2023-2026 жылдарға арналған бюджет жобасын қалыптастыру бойынша ұсыныстар қайта жиналады.Экономика, бюджет және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ғ.Бекмағамбетов әріптестерінің назарын депутаттар ұсынған барлық жобалар Бюджет кодексінің талаптарына (ЖСҚ-ның мемлекеттік сараптамамен бірге болуы) толық сәйкес келуі және жергілікті атқарушы органдармен келісілуі тиіс екендігіне аударды, сондықтан осы мәселеге жауапкершілікпен қарауды сұрады. Жиналғандарды экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Шығырмақова, сондай-ақ бейінді ведомстволардың басшылары жобалардың қаржыландырылуын іске асыруға болатыны туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, депутаттардың өтінімдері арасында бюджеттен үлкен қаржы құюды талап етпейтін жобалар бар, мысалы, шағын ауылдарда ФАП ашу. Заңдылық және өңірдің нақты секторын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Мұрат Шәмшінұровтың пікірінше, мұндай шығындарды шаруашылық жүргізуші субъектілері өз мойнына ала алады, мысалы, Егіндікөл ауданының Бауман ауылында ФАП-қа жеке үй сатып алынып, ол толығымен жергілікті «Бауманское» ЖШС есебінен жұмыс істеп тұр.

Талқылау барысында барлық деңгейдегі депутаттардан, оның ішінде ауылдық жерлерден жобаларды қалыптастыру және қарау алгоритмі нақты жазылатын депутаттар үшін өзіндік жадынама жасау қажеттілігі туралы бірқатар ұсынымдар әзірленді.

       Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі