Көкшетауда Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері де қарттарды қолдау айлығы аясында  мемлекеттік кірістер органдарының  ардагерлерімен кездесіп, қарияларға зор денсаулық пен игі тілектер білдірілді.

Департамент басшысы Дулат Нұрмолдин Ақмола облыстық Мемлекеттік кірістер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Сәпиоллаұлы және салық органдары ардагері Антонина Антонованы 85 жасқа толу мерейтойларымен шын жүректен құттықтады. Сондай-ақ ардагерлерді Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің мүшесі Болат Темірбаев және Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев құттықтады. Қариялардың мұндай ілтипатқа риза болғандарын жүздеріндегі күлкіден көруге болады. Зейнеткерлерге одан артық сый жоқ.

 Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі