Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов мәслихат аппаратының ардагерлерін Халықаралық қарттар  күнімен құттықтады.

Владимир Ильич Кранин халық депутаттары кеңесінің Көкшетау облыстық атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды. 85 жасында ардагер белсенді өмір салтын жүргізеді, балық аулауды жақсы көреді. Людмила Захаровна Шаруда халық депутаттары кеңесінің облыстық атқару комитетінің референті болып істеді.Әріптестерін олРесейден қонаққа келген балаларымен бірге қарсы алды.

Құрметті ардагерлермен әңгімелесіп, Бейбіт Айтымұлы зор денсаулық, амандық, ұзақ өмір тіледі. Олар өздерінің жылы тілектерін мәслихат аппаратының ұжымына және депутаттық корпусқа жеткізуді тапсырды.

Жалпы мәслихат аппаратында тоғыз ардагер бар, олардың барлығына қарттарды қолдау айлығы аясында назар аударылып, материалдық көмек көрсетілді.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі