Медицина қызметкерлері күніне орай елордада «Дені сау ұлт» медициналық саммиті өтті. Оның барысында «Алтын шипагер» ұлттық жобасының жеңімпаздары марапатталды. Бұл салтанатта үздік мекемелер мен дәрігерлер 12 аталым бойынша марапатталды. Солардың арасында алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін Көкшетау қалалық емханасы үздік медициналық ұйым аталымы бойынша «Алтын шипагер» сыйлығының иегері атанды.

Елімізде 10 мың адамға шаққанда 40 дәрігерден және 98 орта санаттағы медицина қызметкерінен келеді. Бұл жағдай дамыған мемлекеттердегі проценттік көрсеткішпен шамалас. Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған деректер осындай.

Бірегей жоба екі жылдық үзілістен кейін өткізіліп отыр. Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара сазды ән, театрландырылған қойылыммен айшықталды.