Өңірде алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Үлкені де, кішісі де «әлеуметтік желідегі алаяқтардың қармағына ілініп қалмаңыздар» деп жиі айтады. Дегенмен, иландырушының сөзіне сеніп, алданып қалатын азаматтар бар. Бүгінгі күні айласы ауыспайтындар адамнан ақша жасаудың түрлі әдісін біледі. Солардың ішінде интернет алаяқтарынан зардап шеккендер азаяр емес.

Жуырда көкшетаулық полицейлер зейнеткерді алдап, қомақты қаражатын қолды еткен дропперді ұстады.88 жастағы Көкшетау қаласының тұрғынына қоңырау шалған адам өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, немере келіні шөбересімен бірге көлік апатына түскенін, медициналық көмек көрсету үшін 5 миллион теңге қажет екенін айтады. Зейнеткер мұндай қаражаты болмай тұрғанын жеткізгенде, туыстарынан қарыз сұрауға үгіттейді. Күдіктінің сыбайласы қоса хабарласып, келіні мен шөбересінің жағдайы тым ауыр екенін айтып, зейнеткердің үрейін одан бетер ұшыра түседі. Зейнеткер өзінде бар 2 миллион теңгесін ұсынады. Дроппер келіп ақшаны алған соң күдікті көрсеткен есепшотқа 1 миллион 800 мың теңгені аударып, өзінің «еңбекақысы» үшін 200 мың теңгені алып қалған.

«Полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Күдіктілерді ұстау мақсатында Көкшетау қаласының криминалдық полиция қызметкерлері бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді, зейнеткердің тұрғылықты жерінде орнатылған жедел басқару орталығының бейнекамераларының жазбаларын қарады, такси фирмаларының жүргізушілері мен үй тұрғындарынан жауап алды. 26 қарашада қабылданған шаралардың нәтижесінде дроппердің жеке басы анықталды, ол Өскемен қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Әңгіме барысында ер адам жеткізуші жұмысын мобильді қосымшадан тапқанын айтты, ал шарттар оған өте қарапайым болып көрінді: бір мекенжайдан ақша алып, содан кейін жақын жердегі банкомат арқылы көрсетілген шотқа аудару», делінген ақпаратта.

Ұсталған жеткізуші-дроппер бұл әрекетінің заңды-заңсыз екенін сұрағанын, күдікті шаруаның бәрі құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізіліп жатқанын айтқандықтан келіскенін жеткізді. Тіпті күдікті дропперге «қарт кісіге вирус жұғып кетпеуі үшін» медициналық маска киіп баруды міндеттеген екен. Осы факт бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Беймәлім адамдар облыс орталығының 47 жастағы тұрғынының Instagram парақшасын қалпына келтіру үшін 80 доллар талап еткен.Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне 47 жастағы жергілікті тұрғыннан өтініш түсті. Ол 25 қарашада белгісіз адам оның Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасын алдап алғанын хабарлады.

«Instagram-да зардап шеккен адамға ресейлік нөмірден WhatsApp-қа хабарлама келіп, оның авторлық құқын бұзғаны және Instagram-дағы аккаунты, егер ол сілтеме бойынша сауалнамалық деректерді толтырмаса, бұғаттайтыны хабарланған. Ол сауалнама деректерін толтырғаннан кейін Instagram аккаунты бұғатталған. Содан кейін алаяқтар 80 доллар ақшалай қаражат талап етеді және бұл сілтемені барлық таныстарына жібере бастайды. Мұның бәрін жәбірленуші таныстарынан білді», – деп хабарлады Ақмола облысы ПД.

Осы факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 205-бабы бойынша «ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе телекоммуникация желісіне заңсыз қол жеткізу» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Қылмыс жасауға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Өңір полицейлері азаматтарды банк өкілдерінен қоңыраулар түскен кезде сақтық шараларын ұмытпауға шақырады. Барлық жерде профилактикалық жұмыстарға қарамастан, аймақ тұрғындары алаяқтардың қарапайым айла-амалдарына түсуді жалғастыруда, осылайша олар жеке ақшалай жинақтарынан айырылып миллиондаған несие рәсімдейді.

Алаяқтық фактісі бойынша полицияға кезекті арыз 4 желтоқсанда келіп түсті. Жәбірленуші құқық қорғау органдарына екі апта бұрын «WhatsApp» мессенджері арқылы телефонға алдымен аудио, содан кейін бейне қоңырау түскенін айтты. Бұл ретте өтініш беруші өзінің сұхбаттасушысын көрмеген, алайда алаяқ ақмолалықтың іс-әрекетін бақылап, бақылай алған.

Өзін ҚР Банктер қауымдастығының директоры деп таныстырған қоңырау шалушы ер адамның атына 1 млн теңгеге несие рәсімдеуге тырысып жатқанын хабарлайды. Жалған директордың айтуынша, заңсыз әрекеттерден аулақ болу үшін несиені өзіңіз рәсімдеу қажет болуы мүмкін. Жәбірленушінің айтуынша, ол бүкіл алаяқтың сөзінің дұрыстығына күмән келтірмегені, өйткені олар барлық әрекеттердің заңдылығына сендіре алды. Бірнеше сағат бойы бейне қоңырау арқылы алаяқтар өтініш берушіге әртүрлі нұсқаулар берген, банктердің қосымшаларын орнатып, кодтар енгізді. Нәтижесінде, ер адам несие алды, бірақ ол туралы бірнеше күннен кейін, банктен төлемдер туралы хабарлама келген кезде ғана түсінді. Қазіргі уақытта бұл факт ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергелуде, тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Полицейлер ақмолалықтар дәл осындай схемаларға жиі түсетінін атап өтті. Банк менеджерінің кез-келген қоңырауы «тұзақ» болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.

Ақшалай капиталын арттыру үшін Щучинск қаласының 26 жастағы тұрғыны Instagram әлеуметтік желісіндегі сілтеме бойынша өтіп, алаяқтарға алданды. Жәбірленушінің мәлімдемесіне сәйкес, интернет-ресурста тиісті тіркеуден өткеннен кейін, алаяқтар қызбен байланысып, криптовалютаға ақша салуды ұсынады. Бұл алаяқтық екенін білмей, бір ай ішінде өтініш беруші көрсетілген шоттарға, жеке қаражатынан және туыстарына алғызған несиелермен ақша аударған. Жәбірленуші алаяқтарға жалпы 5 млн теңге берген.

Алданғанын кеш түсінген ол полицияға арызбен жүгінді. Құқық қорғау органдары ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тиісті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Алаяқтар жарты сағат ішінде отбасылық жұпқа шамамен 6 млн теңге рәсімдегені туралы хабарлады құқық қорғау органдары. Қаскүнемдер қоңырау шалып, өздерін жергілікті банктердің қауіпсіздік қызметі ретінде таныстырып, алаяқтық әрекеттерге байланысты жеке мәліметтері жария болғанын айтқан.

Мысалы, Бұланды ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Аққайың ауылының 67 жастағы тұрғыны 21 қараша күні сағат 17.00-де оның жұбайына WhatsApp-қа қоңырау шалып, өздерін банктің қауіпсіздік қызметкерлері ретінде таныстырғаны туралы өтініш келіп түсті. Алаяқтар оларға 11 млн теңге көлемінде кредит ресімдегісі келетінін және операцияны тоқтата тұру үшін оларға AnyDesk қосымшасын шұғыл орнату қажет екенін мәлімдеді. Әрі қарай олармен тағы бір жалған байланыс орнатылды-банк қызметкері WhatsApp-қа қоңырау шалып, бейне байланыс арқылы не істеу керектігін түсіндірді. Осыдан кейін жәбірленушіге 5 290 000 теңге көлемінде несие ресімделді.

Осыған ұқсас схема бойынша жәбірленушінің жұбайына 617 566 теңге көлемінде несие ресімделді. Жалпы сомасы 5 907 566 теңгені құрады. Осы факті бойынша полиция бөлімі «Алаяқтық» ҚК 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмыс жасауға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Полицейлер азаматтарды anydesk бағдарламасын телефонға жүктемеуге шақырады.

Тағы бір мысал. Көкшетауда ер азамат Шри-Ланкаға демалыс жолдамасын сатып аламын деп алаяқтарға алданған. Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне 33 жастағы жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түсті. Ол осылайша 500 мың теңге ақша жоғалтқанын хабарлады.

Осы факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.Тергеу барысында полицейлер жәбірленушінің жақында облыс орталығында дүкен ашқанын және жақын маңда туристік агенттік болғанын анықтады. Агенттікте Шри-Ланкаға 250 мың теңгеге екі адамға арналған турлар бар екенін айтқан. Арзан турға қызыққан жәбірленуші ойланбастан жолдама сатып алды. Алаяқ оған барлық тиісті құжаттарды кейінірек жіберетініне сендіреді. Біраз уақыттан кейін алаяқтар жәбірленушіге қоңырау шалып, екі адамға төмен бағамен тағы билеттер барын айтады. Ол бірден Kaspi-ге қажетті соманы аударады. Содан кейін алаяқтар байланысқа шығуды тоқтатқан. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер осы құқық бұзушылыққа қатысы бар 20 жастағы жігітті анықтады.

Желіде жем болмаудың жолын айтқанмен бәлеге ұрынғандар жетерлік.Қазіргі уақытта ең көп тіркеліп жатқан алаяқтық қылмыстар әлеуметтік желі арқы­лы болуда. Атап айтқанда, ақшаны еселеп беру, азаматтардың деректерін пайдаланып онлайн несие алу, «Колеса», «Инстаграм», «ОЛХ» жарнама парақшаларындағы жалған хабарландыру арқылы сауда жасау болып отыр.Дамыған технология кезеңінде интернет алаяқтықтың алдын алу үшін бұқараны ұялы телефоннан тарықтырып қою әсте мүмкін емес. Бірақ халық желіге желімдей жабысуды қойғаны жөн. Өйткені одан қауіп тым көп. Мәселен, қарапайым WhatsApp  мессенджері де алаяқ­тардың «қонысына» айналған. Онда сіздің Facebook, Instagram әлеуметтік желіңіз­дегі «подписки» бөліміндегі достарыңыздың суре­тін өзіне жүктеп алып, ватсап аккаунтына сол суретті қойып сізден қарызға ақша сұрайды. Осындай бөтен біреудің мойнына қарыз жазу әдіспен талай адамды зар қақсатып жүргендер бар. Бұған қоса, Кас­пи, Халық сынды банктердің қызметкері ретінде өзін таныстырып, сізге несие алып бере­мін деп хабарласатындар да көп. Жергілікті полицейлер қылмысқа қатысы бар күдіктілерді ұстаумен қатар, алаяқтыққа арбалмаудың алдын алу шараларын жүргізуде. Тұрғындарға алаяқтықтың қандай түрлері бар екенін, олардан қалай сақтануға болатынын арнайы роликтерде көрсетіп, жапсырма парақшалар таратып, айтып сақтандыруда.

Ә.ҰЛАНҚЫЗЫ