30 қыркүйек елімізде әділет органдары қызметкерлері төл мерекелерін атап өтеді.Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін арттыруға көп көңіл бөлінуде.

Динара Майданқызы Ыбыраевамемлекеттік қызметте жиырма жылдан аса уақыт қызметатқарып келеді.

Динара Майданқызы 1973 жылы 15 шілдеде Ақмола облысында дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар, 1995 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын «орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, 2003 жылы Көкшетау университетін «заңтану» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1995 жылдың қараша айынан бастап Көкшетау қаласы ІІБ паспортшы қызметінен бастады. Ол өз әріптестерімен бірге халықты жаңа үлгідегі паспорттармен және жеке куәліктермен құжаттандыру бойынша үлкен жұмыс атқарды.

Ішкі істер органдарында Ақмола облысыныңкөші-қон қызметінің қалыптасуына өз үлесін қосқан тәжірибелі қызметкер ретінде ерекшеленді.

2005 жылы әділет органдарында ол осы жұмысты халықты құжаттандыру және тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы ретінде жалғастырды.2011 жылдан бастап департаменттің кадр және ұйымдастыру-бақылау қызметі саласында жұмыс істеді.

2014 жылдан бастап персоналмен жұмыс және ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы, кейін әкімшілік бөлімінің басшысы болып тағайындалып, қазіргі уақытқа дейін аталған бөлімде еңбек етіп келеді.

Мемлекеттік қызметте ол өзін білікті және тәжірибелі маман, кадр және ұйымдастыру-талдау жұмысы саласындақұзыретті, адал, шебер ұйымдастырушы ретінде көрсетті.

Осы жылдар ішінде ол басқарған бөлім қызметкерлері бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға бірқатар конкурстар өткізді, көптеген бұйрықтар шығарылды, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыс бойынша филиалына оқудан өту үшін департаменттің көптеген қызметкерлері жіберілді, құжаттау, тіркеу функцияларын тапсыру кезінде департамент қызметкерлерін жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар атқарылды.

Динара Майданқызы департаменттің тәлімгерлер кеңесінің мүшесі болып табылады.2017 жылдан 2019 жылға дейін Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі болды.Ұжымда лайықты беделге ие, белсенді өмірлік ұстанымы бар, ұжымның қоғамдық өміріне белсене қатысады. Бірнеше мәрте департамент басшысының грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ ҚР Әділет Министрінің алғыс хаты және грамотасымен, Ақмола облысы әкімінің, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды, ведомстволық және мемлекеттік наградалары бар.

Динара Ыбыраева тек өз ісінің маманы ғана емес, сонымен қатар отбасында аяулы ана.Ұлы Ілияс Көкшетаудағы  №2 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы, кәсіби спортшы, футболмен айналысады, өз мектебі мен қаласының намысын қорғап жүр. Ол өз туғандары үшін сүйікті және зейінді ұл, кішкентай інісі Аңсарға қамқор аға.Динара МайданқызыІлиясты өз анасымен бірге тәрбиелей отырып, оған адалдық, мейірімділік, кемелдікке ұмтылу сияқты қасиеттергебаулуға тырысады. Болашақта ұлы үмітін ақтап,лайықты адам болатынына сенімді.  Биыл Динара Майданқызы 50 жылдық мерейтойын атап өтті.Кәсіби мерекеқарсаңында оның жұмыс тәжірибесі, білімі, жауапкершілік сезімі болашақта жаңа кәсіби жетістіктерге жетуге көмектеседі дегімізкеледі.

Заң қоғамдастығының барлық өкілдерін мерекемен құттықтаймыз! Әділет органдары барлық күш-жігерін құқықтық мемлекет құруға және қойылған міндеттерді лайықты орындауға, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғауға бағыттайтын болады.

         Ақмола облыстық Әділет департаментінің баспасөз қызметі