Биылғы жыл шыншыл, реалист ақын Сұлтанмахмут Торайғыровтың туғанына 130 жыл. Осы айтулы мерейтойға орай Бірлік қалалық үлгілі кітапханасы қаламыздың  №22 орта мектебінің қабырғасында, «Қазақ әдебиеті» пәнінің мұғалімі Роза Бекенбаеваның қатысуымен, 6 «ә»  сынып оқушылары ақын шығармаларына байланысты құрастырылған «Кім тапқыр?» атты ойын викторинасын ұйымдастырды. Бұл шараның мақсаты оқушы балаларды ақынның  шығармаларын оқу арқылы, кітап оқуға  деген қызығушылығын арттыру болды. Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда туған. Екі жасында шешеден жетім қалған Сұлтанмахмұттың балалық шағы Баянауылда өтеді.

Сұлтанмахмұт алты жасында – хат таныған, 1908 жылы 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. 1912 жылы Троицк қаласындағы Ахун Рахманқұлұлы медресесіне оқуға түскеніне қуанып «Шәкірт ойы» деген өлеңінде: «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам!» – деп, ұйқыда жатқан қазақ жастарын оқу- білімге шақырады. Шара барысында оқушылар ақынның өлеңдерінен құрастырылған викториналық  сұрақтарға белсенді жауап беріп, ақынның өлендерін мәнерлеп оқып, өздерінің білімдерін көрсете білді.

Шара сонында белсенді қатысқан оқушылар алғыс хатпен марапатталды.

Күнсұлу ИСИНА,

Бірлік қалалық үлгілі кітапханасының кітапханашысы