FlyArystan әуежайда халықаралық рейстерге ақылы тіркелу қызметін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақылы тіркелу қызметін әлемнің лоукост тасымалдаушылары әуежайда тіркеу процестерін оңтайландыру үшін пайдаланады. Әуежайда ақылы тіркелу қызметін пайдаланушыға ұсыну – жолаушыларға тегін онлайн тіркелу қызметіне ауысуға ынталандырады. FlyArystan-ның онлайн қызметін пайдалану тіркеу бағаналарында кезек күтетін жолаушылар санын азайтады және әуежайдағы рейс алдындағы процедуралардың жылдамдығын жеделдетеді. FlyArystan бұл жаңашылдықта биыл 1 қаңтардан бастап ішкі нарыққа шығарды және бұл үлкен жетістік. Оның нәтижесінде жолаушылардың 80%-дан астамы қазір онлайн тегін тіркеледі. Бұл 1,3 миллионнан астам жолаушы әуежайлардағы кептеліс пен кезекте тұрмауына мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Компанияның ақпаратында айтылғандай, халықаралық әуе рейстеріне ақылы тіркелу қызметі тиімділігін көрсетті.

«Өкінішке қарай, аталған қызметті іске қосу барысында FlyArystan күтпеген кедергілерге тап болды. Туындаған мәселелерді шешкенше, қызметті уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды. Әуежайда ақылы тіркелу қызметін сатып алған барлық жолаушыларға толық қайтарым жасалынады. FlyArystan осы қызметті болашақта жүзеге асыра алатынына және Қазақстанның авиация саласын дамытуға бағытталған цифрландыру стратегиясына толықтай сенімді. Биыл 3 шілдеде халықаралық рейстерге әуежайда ақылы тіркелу басталғаннан кейін, тегін онлайн тіркелу қызметіне ауысудың нәтижелері айтарлықтай. Жолаушылардың 60%-дан астамы халықаралық рейстерге FlyArystan қосымшасы арқылы тегін онлайн тіркеліп қойған. Бұл халықаралық саяхаттың ең тиімді әдісі және де жолаушыларымызға осы қарбалас кезеңде әуежайларда көп уақытты талап ететін кезектер мен кептелістерді болдырмауға мүмкіндік береді», – дейді әуе компаниясынан.

Еске сала кетсек, 3 тамыздан бастап FlyArystan рейстеріне әуежайда тіркелу ақылы болған еді.

                                                                               «Көкше-ақпарат»