ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында ағымдағы жылдың 27-28 қазан аралығында Ақмола облысында  дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары қазақстандық қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған діни – ағартушылық жұмысын, сонымен қатар діни эстремизмнің таралуын алдын алуға бағытталған рухани-ағарту жұмысын ұйымдастыру шеңберінде жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізді.

Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – Ж.О. Сүлейманов, Қ.И. Уразбаев, Т.Н. Нүсіпханов, М.Н. Тұрапбай тартылды.

РАТТ мүшелерінің қатысуымен Шоқан Уәлиханов атындағы және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті студенттерімен, «Науан Хазрет» облыстық, «Жақия Қажы» Көкшетау, Бурабай және Ақкөл аудандық мешіт жамағатымен, «ЕЦ-166/25 мекемесі» РММ ҚАЖД қарасты түзету мекемесінде жазасын өтеуші діндар азаматтармен, «Новопэк» ЖШС жұмысшылармен, ҚР ҚМ Шоқан Уәлиханов атындағы әскери және «Ақкөл қ. Агротехникалық колледжі» МКҚК колледж студенттері мен оқытушыларына, Щучье қ. Орталық базары, «Қазақстан», «Керемет» сауда үйлерінің өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, сатушылар, жергілікті тұрғындармен, аудандық кітапхана және мәдениет үйінің еңбек ұжымы қызметкерлерімен және т.б. кездесулер ұйымдастырылды.

Өткізілген іс-шараларда өңірлердің тұрғындарына Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруіне,республика халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді.Сарапшылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.

Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып,тұшымды жауаптар алынды.

Н. Мәукен,  «Нұржан» ТК басшысы