Көкшетауда Наурыз мерекесі қарсаңында «Ақ жаулықты ақ әже» байқау-фестивалі өтіп, үздік әжелер анықталды. Байқауды Ақмола облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын дәріптеуге арналған «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасының тұжырымдамасы шеңберінде ұйымдастырды. Оған өңірдегі қалалық, аудандық мәдениет үйлерінің жолдамасымен жасы 60-тан асқан немере, шөбере тәрбиелеп отырған әжелер қатысып, бақ сынады. Байқау төрт кезеңнен тұрды, оны ішінде «Қызым саған айтам…» және таныстыру кезеңінде әжелер ұмытылып бара жатқан, сирек қолданылатын көне сөздердің мағынасын ашып, түсіндірді. Сондай-ақ, ұлттық тағам түрлерін әзірлеуден сайысты. «Өнерпаз әже» кезеңінде «Бесік жыры» және өзге де ұмыт болып бара жатқан ескі әндерді орындап, ұлттық би биледі. Ал, «Бармақтары майысқан» кезеңде өздерінің қолдарынан шыққан бұйымдардан көрме ұйымдастырды. Байқау қорытындысы бойынша Целиноград ауданынан Түймеқыз Рыспаева – «Шебер әже», Аршалы ауданынан Шырынгүл Ұзақбаева – «Өнегелі әже», Бурабай ауданынан Зелтай Түгелбаева – «Мейірбан әже», Шортанды ауданынан Жұпар Жүсіпова – «Дана әже», Біржан сал ауданынан Бақыт Жексенова – «Парасатты әже», Бурабай ауданынан Бақыт Елеманова – «Ұлағатты әже, Ақкөл ауданынан Гүлсара Құмарбек – «Байсалды әже», Қорғалжын ауданынан Тоқтар Елеуова – «Білгір әже», Атбасар ауданынан Роза Тәшімова – «Көрікті әже», Жарқайың ауданынан Раиса Мөтенова – «Мейірімді әже», Степногор қаласынан Бағила Мұратова – «Әнші әже» номинациялары бойынша жүлдегер атанды. Ал, бас жүлде – «Асыл әже» атануға Астрахан ауданынан келген 80 жастағы Шолпан Қасымова лайық деп танылды.

«Көкше-ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *