Өңірде көктемгі ықтимал су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда аймақтың елді мекендерінен 342 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұл туралы брифингте ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев мәлім етті деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Департамент бастығы орынбасарының айтуынша, облыстың 17 ауданындағы 125 елді мекен көктемгі ықтимал су тасқынына қауіпті аумақта орналасқан. Бұл елді мекендерде 13 мыңнан астам адам тұрады. Сонымен бірге, су басу қаупі бар аймақта 74 автомобиль және 4 темір жол учаскелері бар. «Биылғы жылдың 2-ші ақпанындағы жағдай бойынша облыс бойынша қардың орташа биіктігі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға артық, қардағы су қоры 19 пайызға көп. Өзен бассейндеріндегі ылғал қорының көлемі – Есіл, Мойылды, Жабай, Колутон, Шағалалы және Сілеті көп жылдық орташа мөлшерден 2-ден 30 пайызға төмен. «Өңірде су тасқынына дайындық өткен жылдың жаз мезгілінде басталды. Инженерлік қорғау бойынша жоспарға сәйкес су басу қаупі бар 53 елді мекенде 35 км су бұру арналарын жайластыру, 22 км өзен арнасын тазарту, 47 су өткізу құрылысын орнату және жөндеу жұмыстары қолға алынды. Бұдан бөлек, қар шығару және су ағатын каналдық жүйелерді ретке келтіру, инертті материалдар қорын жасау, су өткізу құбырын тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деді Қанат Доспаев. Осы ретте, өңірде ықтимал төтенше жағдайды алдын алу үшін облыста 1,6 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған. Облыстың елді мекендерінен 342 мың текше метрден астам қар шығарылды. «Аудандар мен қалалар бойынша 227 тонна жанар – жағар май, 12,7 мың тонна инертті материал, 70,8 мың қап дайындалды. Сонымен бірге, 2153 адам, 983 бірлік техника, 151 мотопомпа, 35 жүзу құралдары даярланды. Су тасқыны бола қалған кезде төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 445 адам, 84 техника, 12 жүзу құралдары және 97 мотопомпа жұмылдырылады», – деп толықтырды Қанат Доспаев.

«Көкше-ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *