Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы»  КММ-сі  Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні аясында Әлкей Марғұланның 120 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибиелік конференциясын өткізді.

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні (International Day for Monuments and Sites) әлемде жыл сайын 18 сәуірде «Біздің тарихи Отанымызды сақтайық» ұранымен атап өтіледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  — өз жеріне және еліне деген құрмет — «Адал азамат» тұлғасының ең маңызды қасиеттерінің бірі деп, Ұлттық құрылтайдың соңғы отырысында атап өтті.Ескерткіштер ұлттық бірегейлікті қалыптастыратын барлық қазақстандықтардың мұрасы.  Еліміздің Президенті өз Отанын шын сүйетін адам өз елінің табиғатын барлық жағынан қорғайтынын да айтып өтті. Бұл қоғамды дамыту және ілгерілету үшін қажетті патриотизм сезімі.

Конференцияда әртүрлі бағыттағы ғалымдар ғылыми жетістіктері мен даму перспективалары туралы ғана емес, сонымен қатар археология ескерткіштерін сақтау және қорғау саласындағы әдістер, тәсілдер мен шешімдер туралы да талқылап, пікір алмастф. Сонымен қатар, мұндай жиындарда Әлемдік мұраның алуан түрлілігі және оны қорғауға, сақтауға жұмсалатын күштер туралы көбірек білуге мүмкіндік беріледі.

 Биыл ҚазКСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, археолог, этнограф, шығыстанушы, тарихшы, филолог, әдебиеттанушы, өнертанушы, қоғам қайраткері, этнография бөлімінің меңгерушісі А. Х. Марғұланның (1957-1976) туғанына 120 жыл толады. 28 жыл бойы  Жетісу, Оңтүстік және Батыс Қазақстанда ежелгі қалаларды ашқан Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясын басқарды. Ол Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашты, біздің дәуірімізге дейінгі II мыңжылдықта Қазақстан аумағында жоғары дамыған мәдениеті бар өркениет болғанын дәлелдеді. Ғалымның көзі тірісінде 400 түрлі ғылыми еңбектері жарық көрді. Бұл бүкіл әлемге танымал монографиялық еңбектер: «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» (1966), «Беғазы-Дәндібай мәдениеті» (1979).

А.Х. Марғұлан ұзақ жылдар бойы (1957-1976) Қаз КСР ҒА АЭА этнография бөлімінің меңгерушісі болды,. Ш. Ш. Уәлихановтың таңдамалы еңбектерін шығару жөніндегі топқа басшылық  жасады. Бес томдық «Қазақ КСР тарихы» жетекші авторларының бірі ретінде 1982 жылы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. А. Х. Марғұланның басшылығымен 50-ден астам кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды. 1946 жылы корреспондент-мүшесі, ал 1958 жылы академик атағы берілді.

Ғалымның 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтті. Осы мерейтойға орай Қазақстанның пошта маркасы мен естелік монетасы шығарылды. 2008 жылдың қаңтар айында Алматыда ҚР Ғылым Академиясы ғимаратының батысында А. Марғұланға арнап ескерткіш ашылды. Қазақстан Ғылым академиясының Археология институтына, Қазақстанның көптеген қалаларында көшелерге, музейлер, ғылыми-зерттеу орталықтар, оқу орындарында Марғұлан есімімен аталды. А. Марғұлан атындағы халықаралық қор  бар.

Ғылыми-тәжірибиелік конференцияда Астана, Көкшетау қалаларының, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарының тарихшылары, археологтарыбаяндама жасап тәжірибиелерімен бөлісті. Конференция аясында археологиялық қорғау-құтқару жұмыстарының жас қатысушыларын жас археологтар қатарына қабылдау және сертификаттар тапсыру салтанатты рәсімі өткізілді.

                                                                                          «Көкше-ақпарат».

.