Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыс орталығында қала аумағын абаттандыру және санитарлық күтіп ұстау бойынша жыл сайынғы айлық жарияланды. Өткен сенбіде Көкшетауда жалпықалалық сенбілік өтті. Оған мемлекеттік қызметкерлер мен жеке ұйымдар, жалпы 4 мыңға жуық қала тұрғыны қатысты.

Қала аумағы ұйымдарға бекітілген 220 шағын учаскеге бөлінді. Мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар көгалдарды тазалап, белгіленген аумақтарды қоқыстан тазартты. Сенбілік аясында алаңдарды, саябақтарды, негізгі және қосалқы көшелерді тазалау ұйымдастырылды. Іс-шаралар кешені облыс орталығында тазалықты сақтауға, қаланың әл-ауқатын жақсартуға, экологиялық таза жағдай жасауға бағытталған.

Сенбілікке қаланың коммуналдық қызметтері, студенттер мен еріктілер жұмылдырылды. Қоқыс тасымалдауға «Көкше Тазалық», «Зерен Плюс», «Эко-dump», «Таза қызмет», «Оператор ТБО» ЖШС сияқты коммуналдық кәсіпорындар жұмылдырылды.

 «Көкшетау жылу» кәсіпорнының 70 қызметкері қала көшелерін абаттандыру, қоқыстарды шығару және абаттандыру бойынша кешенді жұмыстарға жұмылдырылды.  

– Қаланы абаттандыруға атсалысып жатырмыз, біздің ұйымға Абылай хан даңғылының бойынан учаске бөлінді, қоқыс алаңдары жойылды, 12 текше метрден астам қоқыс шығарылды, 280 ағаш әктеліп, отырғызылды», – деп атап өтті «Көкшетау жылу» мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Руслан Мақышев.

Сенбілікке «ТЫНЫС» АҚ-нан 300-ден астам қызметкер қатысты. Красный яр ауылдық округі бойынша 117 ұйым, 850 адам қатысып, 600 текше метр қоқыс шығарылды.

Бұл күні Абай, Әуелбеков, Әуезов, Қанай би, Ақан сері, Әшімов, Кенесары көшелері, Назарбаев даңғылы, Көктем, Сарыарқа шағын аудандарының аумағы қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, сенбілік аясында скверлер, орталық саябақ, Даңқ аллеясы, Тәуелсіздік алаңы, Шоқан Уәлиханов атындағы университет аумағын тазарту ұйымдастырылды. Бұл жұмыстарға коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері, қаланың жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері тартылды. Сенбілік барысында көшелер, тротуарлар мен орамішілік аумақтар жиналды. Арықтар, кәріз желілері тазартылды, саябақтар мен скверлерде жасыл желектерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар жүргізілді.

Көкшетау қаласының әкімдігі хабарлағандай, қаланы көктемгі кезеңге дайындау жұмыстарын дер кезінде қамтамасыз ету үшін коммуналдық қызметтер тартылып, мемлекеттік және бюджеттік мекемелерге әктеу үшін 1 мың қоқыс қаптары мен 200 келі әк берілді. Қоқыс шығаруға 40 техника пайдаланылып, 21 контейнер алаңы тазартылды.

А.АЙҒАРА.