Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов субсидия алушылар үшін алдағы уақытта қандай қарсы міндеттемелер қойылатынын және осы міндеттемелердің орындалу деңгейі қалай бақыланатынын сұрады.

Өз кезегінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қазіргі кезде субсидия алушыларға бірде-бір қарсы міндеттемелер қойылмағанын еске салды. «Сол себепті алынған субсидия-
ларды пайдалану барысында жауапкершілік өте төмен, сондай-ақ тиімділігі де шектеліп отыр. Сондықтан тиісті қарсы міндеттемелерді енгізуді жоспарлай келе, барлық субсидия алушылар үшін өндіріс көлемін төмендетпеу, мал шаруашылығында жыл сайын мал басын кемінде 5 пайызға ұлғайту, 100 аналыққа шаққанда кемінде 80 бас төл алу ескеріліп отыр. Өсімдік шаруашылығына тоқталсақ, тұқым шаруашылығы егістіктерінің үлес салмағын 15 па-
йыздан кем болмау міндеттемесін де жоспарлап отырмыз», – деді министр Оның айтуынша, инвестициялық субсидиялау кезінде фермерлердің жобаны көрсетілген мерзімде пайдалануға беруі назарға алынады. «Одан басқа, жобалық қуатына дер кезінде қол жеткізілуін көздеп отырмыз. Осының бәрі арнайы құрылған жұмыс тобында талқыланып, мақұлданғаннан кейін енгізетін боламыз. Ең маңыздысы, қойылған қарсы міндеттемелердің орындалуын бақылау процесі адамның қатысуынсыз цифрлық технологиялар негізінде енгізілмек. Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінде автоматтандырылған түрде енгізіледі», – деді Ербол Қарашөкеев.

«Көкше-ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *