№3 көпсалалы мектеп-гимназиясындаоблыстық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Айнагүл Балташева мен депутат Дуанбай Ыбырай  Көкше  өңірінен шыққан  белгілі математик, педагогикалық ғылымдарының кандидаты, доцент,  профессор Мыңбай Ысқақовтың 100 жылдығына ырналған  еске алу кешіне қатысты.

Бір ай бұрын Мыңбай Ысқаковтың туастары – мемлекетттік кірістер департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Ыбыраев пен  баспасөз маманы Нұрлан Ысқақов мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіповтің қабылдауында болып, Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясында Мыңбай Ысқақовтың 100 жылдығына ырналған  еске алу кешін өткізу туралы ұсыныс білдірген болатын.

Мыңбай Өтежанұлы Ысқақов 1923 жылы Зеренді ауданы Қойсалған ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының қатысушысы  Қазақ педагогикалық институтының  физика-математикалық факультетін тәмамдап,  бес жылдай орта мектептерде – соның ішінде Көкшетаудағы №3  қазақ мектебінде мұғалімдік кызмет атқарды. Содан кейін ҚазПИ-де математика  пәнінің оқытушысы болды.

Мыңбай Өтежанұлы көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Проективтік геометриядан педагогикалық институттарға арналған қазақ тілінде тұңғыш екітомдық оқулық жазды. Осы оқулықтарды математика пәнің меңгеріп жүрген студенттер әлі де пайдалануда. Мыңбай Ысқақовтың ғылым саласында қалдырған мұрасы, педагогикалық кадрларды тәрбиелеу ісіне косқан үлесі баға жетпес.

Мыңбай Ысқақовтың балалары:  физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Алма Ысқақова, Ұлттық «Тарлан» сыйлығының иегері, Алматыдағы «Архимед» мамандандырылған мектебінің негізін қалаушы – Архимед Ысқақов та әке жолын қуып, елімізде ғылым саласына зор еңбек сіңіруде.

Еске алу кешіне жиналғанғалымның туыстары, зиялы қауым, педагогтар сөз сөйлеп, Мыңбай Ысқақовтың есімі, қалдырған мұрасы мәңгілікке сақталуы өте маңызды екенін атап өтті.

Айнагүл Қыдырбайқызы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясы ұжымына және оқушыларға сәттілік тілей отыра, Ақмола облыстық мәслихатының және өз атынан алғыс білідірді.

«Бүгінгі гимназиялықтар Мәлік Ғабдуллин мен Мыңбай Ысқақовтай оқуда озат болып, келешекте үлкен жетістіктерге жетеніне нық сенімдімін», – дедіА.Балташева.

Қарлыға МҰХАТАЕВА,

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы