Көкшетауда Жеңістің 77 жылдығын мерекелеуге орай Абылай хан алаңында театрландырылған қойылым ұйымдастырылды.

Ақмола облысынан майданға аттанған 90 мың адам адамның 37 мыңнан астамы ғана оралған. Бүгінгі таңда өңірде тек он майдангер және Жеңістің жақындауына үлкен үлес қосқан 5 мыңнан астам тыл еңбеккерлері тұрады.

Салтанатты іс-шараны Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев бастаған ел ағалары мен қала тұрғындары Талғат Бигелдинов пен Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығына арналған «Ешім де, еш нәрсе де ұмытылмайды» атты екінші дүниежүзілік соғыс батырларының ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімімен ашты.

Өңір басшысы өзінің құттықтау сөзінде атап өткендей, Қазақстан халқының Жеңіске қосқан үлесі баға жетпес. 71 ақмолалық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. «Жеңіс күні сұрапыл жылдары майданда кеуделерін от пен оққа төсеп, ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған ата-бабаларымызға құрмет көрсетіп, еске алу күні. Майдан даласында қасық қандары қалғанша шайқасып, қаншама боздақтар азаттық үшін жандарын пида етті. Ортақ жеңіс үшін өмірлерін құрбан еткен қаһармандарымыздың ерлігін мәңгі жадымызда сақтау – біздің азаматтық парызымыз», – деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай орталық алаңда облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары шығармашылық ұжымдардың «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» атты концерттің бағдарламасын тамашалады.

Бұл күні майдан әндері мен бейбіт жылдары жазылған соғыс туралы, ерлік даңқын паш ететін әндер шырқалды. Қазақстандық танымал эстрада әншісі, актриса Айгүл Иманбаева және «АІ театр» театрландырылған қойылым мен концерттік бағдарлама ұсынды.

А.АЙҒАРА