Көкшетау  қаласындағы  Ш.Құсайынов атындағы  қазақ драма театрында «Балалар жылына» орай және  Қазақстанның тәуелсіздігі күні қарсаңында № 6 мектеп- лицей ұжымы  «Ұлттық киімдер – халық қазынасы» атты мектепішілік іс-шара өткізді.

Аталған іс-шараға мектеп  ұстаздары мен жоғары сынып  оқушылары  қатысты. Қатысушылар ұлттық  киімдерді  қазіргі  сән үлгісінде  көрсетіп, өз образдарын сомдады. Заманауи және де  қазақи нақыштағы киімді жастар арасында насихаттау мақсатын көздеген бұл сайыс көрермендердің көңілінен шықты. Тәрбиелік мәні зор  іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Сұлу бикештеріміздің сәнді киім үлгісі көздің жауын алып, көрермендерге эстетикалық ләззат сыйлады. Қазақтың сайын даласының табиғи түстері мен заманауи сәнді киім үлгісі керемет үйлесім тапты. Күміс әшекей бұйымдар -шолпы, бойтұмар- алқа, білезік, сақина- қыздарымыздың көркін ашқандай!  «Әсемдік әлемді қорғап қалады » деген сөз бекер айтылмаған.Жүлдегерлерді анықтау әділқазылар алқасына оңайға соққан жоқ.Сайыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені тарих пәнінің мұғалімі Гүлсұлу Қасенова жеңіп алды. 1-орынды ДанаКәкімова, 2-орынды Жазгүл Толыбай, 3-орынды Индира Серікова жеңіп алды.  Аида Ахметова  сайысқа белсене қатысқаны үшін марапатталды.

Оқушы  қыздар арасында  топ жарып бас жүлдені  ДильнараБаетова жеңіп алды. 1-орынды Адия Ужарова, 2-орынды Тәтті Қайролла, 3-орынды Дариға Нағманова иеленді.  Сайысқа белсене қатысқаны үшін Аруана Қайыргелдіқызы, Аяжан Қуандықова, Асқан Кенжебек марапатталды.

Ақмарал Жайлыбаева,

 Көкшетау қаласындағы № 6 мектеп- лицейінің директордың тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары