Достар»мәдениет сарайында Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Қала әкімі Бауыржан Ғайса жиналғандарды құттықтай отырып, мерекенің қайта жандануы халқымыздың тәуелсіздік жолындағы ерік-жігерін құрметтеудің символы екенін атап өтті.

Іс-шара барысында көпбалалы аналарды «Күміс алқамен» марапаттау және Михаил Малахов пен Рашит Әкімовқа «Көкшетау қаласының құрметті азаматы» атағын беру рәсімі өтті. Бірқатар көкшетаулықтар аймақтың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттарға ие болды, олардың ішінде белгілі композитор Ілияс Төкен, медицина ардагері Болат Жанәділов, мемлекеттік қызмет ардагері Павел Трищ және басқалар бар. Іс-шара жарқын театрландырылған қойылыммен және концерттік бағдарламамен жалғасты. Бес эпизодтан тұратын прологпен – «Тәуелсіздік-қыран!», «Шашу», «Сал-серілер мекені!» «Ел ертеңі!», «Қазіргі Қазақстан» хореографиялық композициялары көрермендерді ерекше әсерге бөледі. «Елге тілек», «Саржайлау», «Атамекен» «Отаным-Қазақстан», «Мен Қазақпын» әндерін көпшілік жылы қабылдады.

Ә.ҰЛАНҚЫЗЫ